Атырауда 71 жастағы зейнеткерді тонаған күдікті қамауға алынды
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, 28 шілдеде сағат 12:00 шамасында 71 жастағы зейнеткерді тонап кеткен.
«Белгісіз ер адам зейнеткерді жерге құлатып, телефонын тартып алған. Сөйтіп, оқиға орнынан бой тасалап, қашып кеткен. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, күдікті азаматты ұстады. Күдікті Атырау қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір зейнеткерді тонаған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіден айғақ зат тәркіленіп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда велосипед ұрлаған күдіктіге қатысты 11 қылмыстық іс тіркелгенін жазған едік.