Атырауда 71 жастағы зейнеткерді көлік қағып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 71 жастағы зейнеткерді көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол-көлік оқиғасы кеше, 23 қазанда болған.

«Кеше сағат 17:00 шамасында Атырау қаласында Азаттық даңғылымен Lada Granta көлігі Балықшы шағын ауданына қарай қозғалып бара жатқан. Көлік рульінде 28 жастағы жігіт болған. Ол «Нарсуд» аялдамасына таяу маңда жаяу жүргінші жолағында 71 жастағы зейнеткерді қағып кеткен» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жарақат алған зейнеткер жедел жәрдеммен облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейін дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында жол апатынан полиция қызметкері мерт болған еді.

Соңғы жаңалықтар