Атырауда 70 жастағы жүргізуші қаққан өзбекстандық азамат ажал құшты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жексенбі күні таңертең жол-көлік апаты болып, соның салдарынан 56 жастағы Өзбекстан азаматы көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Атырау-Доссор тасжолының бойында «Контейнерлік» шағынауданында жол-көлік оқиғасы болды. «Газель» көлігін тізгіндеген 70 жастағы Геолог кентінің тұрғыны жаяу жүргіншіні қағып кетті. Қазіргі таңда сараптама тағайындалып, ҚК 345-бабы 3-бөлімі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», - деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар