Атырауда 7 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 1 шілдеде 1 349 отбасындағы 7 335 адамға 289,4 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат мәмбетовтің мәліметінше, 1 110 отбасындағы 6 287 адамға шартты ақшалай көмек, 239 отбасының 1 048 адамына шартсыз ақшалай көмек тағайындау ұйғарылған.

«Атаулы әлеуметтік көмектің шартты ақшалай көмек түрін алушылардың ішінде еңбекке қабілеттілерінің саны 2 051 адамды құрайды. Оның ішінде 103 тәуелсіз қызметкер, жүгіну кезінде жұмысы бары – 1 034, жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер – 290, бала күтіміндегілер – 624. Жұмыссыз ретінде тіркелген 290 адамның 85,9 пайызы жұмыспен қамту шараларына тартылды. Атап айтқанда, 24 адам тұрақты жұмысқа, 213-і қоғамдық жұмысқа, 4-еуі кәсіби қайта даярлау курсына жіберілді» -дейді Азамат Мәмбетов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 7060 адамға әлеуметтік көмек тағайындалған болатын.


Соңғы жаңалықтар