Атырауда «7-20-25» бағдарламасы бойынша 89 өтініш мақұлданды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысында «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жергілікті тұрғындардан 131 өтінім қабылданып, оның 89-ы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы халықтың қалың жігі үшін тұрғын үй сатып алуға жаңа мүмкіндіктер беріп отыр. Қазіргі таңда 1 553 млн теңгеге 131 өтінім қабылданды. 1084 млн теңгеге 89 өтінім мақұлданып қойды. 62 өтініш беруші тұрғын үй сатып алуға 783 млн теңге көлемінде қаражат алды», - деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Облыс басшысының айтуынша, қазіргі уақытта Атырау облысында тұрғын үй секторын дамыту үшін 3892 пәтерлік 44 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 2164 пәтерлік 34 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады.null 

«Атырау облысында пәтерлері «7-20-25» және «Нұрлы жер» бағдарламалары бойынша сатылатын 19 коммерциялық көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы қатар жүргізілуде. Сондай-ақ, 2019 жылы 4368 пәтерлік 50 үй салу жоспарланып отыр», - деді Нұрлан Ноғаев.

Еске сала кетсек, аталмыш баспасөз мәслихатында Нұрлан Ноғаев өңірдегі балық шаруашылығының табысын да атап өткен болатын. Оның айтуынша, атыраулық балық өңдеуші кәсіпорындар 500 келі қара уылдырық саудалау мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр. Сонымен қатар, облыстағы кадр тапшылығы 5-6 жылда жойылатынын тілге тиек етті. 

Одан бөлек, Нұрлан Ноғаев Атырау облысында жыл соңына дейін 30 әлеуметтік нысан іске қосылатынын хабарлаған еді.

 

 

Соңғы жаңалықтар