Атырауда 60 жастағы ер адам суға ағып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарт –Атырау облысының Жылыой ауданында 3 жасар бала 4-қабаттағы терезеден құлап, 60 жастағы ер адам суға кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл оқиғалар Жылыой ауданында болған. Аудандық төтенше жағдай бөлімінің хабарлауынша, Құлсары қаласының 1-шағын ауданындағы көпқабатты үйдің 4-қабатында орналасқан пәтер терезесінен 3 жасар бала құлаған. Ауыр халдегі балақай аудандық аурухананың хирургия бөліміне жатқызылған.

«Ата-аналардың қарауынсыз қалған балалардың терезеден құлау оқиғалары көп кездеседі. Өйткені, ойын баласы әр нәрсеге әуестеніп, тынымсыз қозғалысқа түседі. Сол себептен, кішкентай балалардың қозғалысын назар ұстау керек» -деді аудандық төтенше жағдай жөніндегі бөлімнен.

Осы ауданда тағы бір оқыс оқиға орын алған. Қосшағыл ауылының 60 жастағы тұрғыны Жем өзеніне батып кеткен. Оның мүрдесін сол маңда жүрген адамдар судан алып шыққан.


Соңғы жаңалықтар