+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Атырауда 60 жастағы әйел коронавирустан жазылып шықты

2021 жылғы 17 қыркүйек 23:54
Бөлісіңіз:
Атырауда 60 жастағы әйел коронавирустан жазылып шықты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 60 жастағы әйел коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда 900 мыңнан астам адам вакцинаның екі компонентін салдырды Өзбекстанда 170 мыңнан астам бала коронавирус вакцинасын алды Алматыда коронавирус жұқтырған 24 бала емделіп жатыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 60 жастағы Фария Батырбаева модульдік ауруханада 2 айдан астам уақыт ем қабылдаған.

«Науқас жансақтау бөліміне өте ауыр жағдайда түсті. Сатурациясы (қан құрамындағы оттегі) төмен еді. Оған қоса демікпе пайда болды. Кезекші инфекционист пен реаниматолог мамандар науқасты бақылауға алып, тиісті ем-дом шарасын көрсетті. Науқас 1 ай жансақтау бөлімінде ем қабылдады. Содан соң оның жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылды» - дейді резидент-реаниматолог Дархан Жақсылық.

Оның айтуынша, 15 қыркүйекте күні Фария Батырбаева ауруханадан үйіне шығарылған. Енді пациенттің жағдайы учаскелік дәрігердің бақылауында болады.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 2 жасар бала коронавирустан жазылғанын хабарлаған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT