Атырауда 52 көшенің жолы жөнделеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында жол шұңқырын жамауға 41 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевтың мәліметіне сүйенсек, биылғы жазда 4 мың шаршы метрді құрайтын жол учаскесін жөндеу жоспарланған.

«Жақында жол шұңқырын жамау жұмысы басталды. Оған дейін тендер өткізіліп, 41 млн теңгеге келісімшарт жасалды. Осы қаржыға маусымның аяғына дейін 52 көшенің 4,5 мың шаршы метр жолы жөнделеді. Кейін тағы қаржы қарастырылып, жол шұңқырын жамау жалғасын табады», - деді Қайрат Оразбаев.

Әкімнің айтуынша, жөндеу жұмысы Жилгородок ықшамауданында басталған. Кейін Аванград ықшамауданында жалғасқан. Қазір Сәтбаев көшесінде жол шұңқыры жөнделіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар