Атырауда 50 мың адамға 42 500 теңге әлеуметтік төлем тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 50 065 адамға 42500 теңге әлеуметтік төлемі тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әлфия Төлеғариеваның мәлім етуінше, 50 065 адамға 42 500 теңге көлемінде берілетін әлеуметтік төлем тағайындалған.

«Бүгін, 13 сәуірдегі мәліметке сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін 42 500 теңге төлемді 33 323 адам алды. Сондай-ақ, 8 914 мекеменің 12 782 еңбеккерінен өтініш түсті. Бүгінге дейін 2650 мекемедегі 8672 адамға 42 500 теңгенің әлеуметтік төлемі төленді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар