Атырауда 5 мың түп ағаш отырғызылады

None
None
АТЫРАУ.ҚазАқпарат - Атырауда әлеуметтік мекемелер аумағына 5 мың түп ағаш отырғызу міндеті жүктелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Атырау қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы кезекті аппарат жиналысы кезінде ТКШ бөліміне әлеуметтік мекемелер аумағында  ағаш отырғызуды және көгалдандыруды тапсырды. 

«Биылғы күзде мектептердің, ауруханалардың, балабақшалардың және басқа да мекемелердің айналасына 5 мың ағаш отырғызылады және оларға тиісті күтім жасалады. Сондай-ақ, жаңадан салынған нысандардың айналасын да көгалдандыру қажет», - деп тапсырды қала әкімі ТКШ бөлімінің басшысына. 

Сонымен қатар, облыс орталығында көшелерді қалпына келтіру және кеңейту бойынша жұмыс жасайтын мердігер мекемеге әрбір құлаған ағаш орнына 5 жасыл желекті отырғызуға тапсырма берілді.

«Атырауда 15 қыркүйекте қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша екі айлық жоба басталды. Мен қала тұрғындарын, мемлекеттік және жекеменшік ұйымдардың басшыларын қоршаған ортаны тазалауға, сондай-ақ облыс орталығын көгалдандыруға белсене қатысуға шақырамын»,- деді қала тұрғындарына Алимұхаммед Құттұмұратұлы.                                                        

Соңғы жаңалықтар