Атырауда 5 қабатты үйден өрт шығып, 10 адам құтқарылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы бес қабатты үй өртке оранып, 10 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бес қабатты  үйдің төртінші қабатындағы пәтерлердің біріндегі өрт сағат 17:30-да басталды. Оқиға орнына  өрт сөндірушілер бірнеше минуттан кейін келіп,  бірден төртінші және бесінші қабаттардағы тұрғындарды құтқару жұмыстарына кірісті. Өйткені төртінші қабаттан басталған өрт жоғарғы қабатқа кауіп төндірген еді.

Құтқарушылардың айтуынша, 10 адам құтқарылды. Құтқарылғандардың басым бөлігі кішкентай балалар, құтқарушылар оларды бір-бірінің қолдарына жалғау арқылы құтқарушы сатысы арқылы далаға шығарды. Құтқарылғандардың барлығы түтін иісіне уланғандықтан тез арада ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар