Атырауда 5 айда төрт түліктің кесірінен 59 жол-көлік оқиғасы тіркелген

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 5 айда төрт түліктің кесірінен 59 жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Ерлан Биғамбаевтың айтуынша, жол-көлік оқиғасының дені республикалық жолда болған.

«Жыл басынан бергі 5 айда Атырау облысындағы тас жолдарда төрт түліктің кесірінен 59 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның ішінде республикалық мңыздағы жол бойында 44 дерек тіркелді. Ал, облыстық және аудандық маңызы бар тас жолдарда 15 жол-көлік оқиғасы анықталды. Үй жануарларының жолға шығуымен байланысты жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі түнгі мезгілде болады. Мұның себебі тәуліктің қараңғы уақытында жүргізушілер алысты көру жарығын қосып, қарсы келе жатқан автокөлік әбден жақындағанша өшірмейді. Ал, бұл жүргізушінің көзі шағылысып, жол үстінен өткен малды қағуға әкеліп соқтырады», -дейді Ерлан Биғамбаев.

Оның айтуынша, тұрғынжар иелігіндегі малды жайылымға қараусыз жібереді. Осындай себеппен 160-тан астам адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Тұрғындарға иелігіндегі малдың мойнына жарық шағылыстыратын арнайы элементтерді тағуы қажеттігін ескертеміз. Бұл жол бойында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға себеп болар еді. Ал, көлік жүргізушілеріне қала сыртындағы тас жолдарда белгіленген жылдамдықты шектен тыс асырмауы, елді мекендер тұсынан өткенде барынша абай болғаны жөн», -деп мәлім етті Ерлан Биғамбаев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жол апатынан https://kaz.inform.kz/news/atyrauda-zhol-apatynan-4-adam-koz-zhumdy_a4080215 4 адам, кейін бір отбасы мүшелері түгелдей көз жұмғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар