Атырауда 5 адам бөтеннің көлігін айдап әкеткен

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 5 адам бөтеннің көлігін айдап әкеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 8-10 маусымда «Айдап әкету» іс-шарасы өткен.

«Атырау облысы аумағында автокөліктер ұрлығы мен айдап әкетуге қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында «Айдап әкету» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара кезінде жедел-тергеу топтары құрылып, күдікті адамдарды анықтау, ұстау үшін жедел-іздестіру, арнайы тергеу жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер 5 айдап әкету дерегін анықтады. Оларға қатысы бар 5 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, 146 техникалық қызмет көрсету стансасы, жеке автошеберханалар, гараж

кооперативтері, автотұрақтар, автокөліктерді бөлшектеу, автобөлшектерді сату орындары

тексерілген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында пәтер тонаған 8 күдікті ұсталған болатын.

Соңғы жаңалықтар