+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Атырауда 45 жастағы тұрғыннан тыйым салынған дәрі-дәрмек табылды

2019 жылғы 14 қараша 15:29
Бөлісіңіз:
Атырауда 45 жастағы тұрғыннан тыйым салынған дәрі-дәрмек табылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері психотроптық дәріні заңсыз сатудың алдын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сарыағаш аудандық ауруханасына 10 дана оттегі концентраты табысталды СҚО-да коронавирус жұқтырған 22 медицина қызметкеріне 2 млн теңгеден төлем жасалды Қызылордада қалалық аурухана қалыпты жұмысқа қайта көшті

«2019 жылдың 4 қарашасының сағат 17.40 шамасында Атырау қаласы аумағында жедел іс-шаралар жүргізу барысында А.Құнанбаева көшесі, 30 «А» үйінің жанында 45 жастағы тұрғынды жеке тінту барысында дәрігердің рұқсатынсыз сатуға тыйым салынған 40 дана трамадол және 25 дана тропикамид дәрілері табылып, тәркіленіп алынды. Дәрігердің нұсқауы бойынша қатаң түрде тиым салынатын дәрілік препаратты заңсыз саудалағаны үшін аталған тұлға қылмыстық жауапқа тартылатын болады» деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі-тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT