Атырауда 45 жастағы әйелді тонаған жігіт ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 45 жастағы әйелге күш көрсетіп, қолындағы сөмкесін тартып алып кеткен жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 жастағы жігіт тартып алған сөмкеде 60 мың теңге болған.

«Жәбірленуші әйел мен күдікті жігіт «Вокзал маңы» шағын ауданынан бірігіп такси жалдаған. Екеуі бір таксимен «Нұрсая» шағын ауданына келген. Көліктен түскен соң күдікті 45 жастағы әйелдің сөмкесін тартып алып, телефонын сындырған. Сөмкенің ішінде 60 мың теңге болғаны анықталды. Мейрамханалардың бірінің камерасынан күдікті әйелді жерге жығып, сөмкесін тартып сәті түсіп қалған», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

26 жастағы күдікті жігіт ұсталды. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 2-бөлігі, 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу жүргіп жатыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 71 жастағы зейнеткерді тонаған күдікті қамауға

алынған болатын.


Соңғы жаңалықтар