Атырауда 40 елді мекеннің тарихы жазылған кітап жарыққа шықты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 40 елді мекеннің тарихы жазылған кітап жарыққа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының директоры Мұхамбетқали Кипиев шығарған кітаптың атауы «XVIII-XX ғасырлардағы Атырау өңіріндегі елді мекендер» деп аталады. Автордың айтуынша, мұнайлы өңірдегі елді мекендердің кейбірінің іргесі XVIII ғасырда қаланған.

«Елбасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жаңа кітапқа 40 елді мекен туралы қызықты деректер енгізілді. Өйткені, қазір кейбір елді мекендер жойылып кеткен. Сол себептен, сондай ауылдардың тарихын зерделеу үшін зерттеу жұмысын жүргіздік. Ресей Федерациясындағы Орынбор, Астрахань, сондай-ақ Алматы қаласындағы мұрағаттардан қызықты материалдар таптық. Кейбір кенттердің орналасқан орнына бардық», -дейді Мұхамбетқали Кипиев.

Кітап елді мекендердің пайда болу кезеңі мен географиялық орналасуына қарай үш бөлімге бөлінген.

«Алғашқы бөлімде Жайық пен Жем өзендерінің бойында салынған елді мекендер қамтылса, екіншісінде Каспий теңізінің жағалауындағы ауылдар туралы жазылды. Ал, үшінші бөлімде ХХ ғасырдың 20-жылдарына дейін бой көтерген сауда және өндіріс орталықтары туралы зерттеулер бар. Бұл кітапты дайындау кезінде өңірдегі елді мекендер жөнінде бұрын жарық көрмеген карталар, сызбалар мен фотосуреттерді пайдаландық», -дейді Мұхамбетқали Кипиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Әбілхайыр хан мен Бопай ханым туралы кітап таныстырылған болатын.


Соңғы жаңалықтар