Атырауда 4 стационарлық полиция бекеттері салынады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласына кіре берістерге 4 стационарлық полиция бекеттері салынады. Жаңа шара полицейлерге келеңсіз жағдайлардың туындағанда мейлінше жедел әрекет етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Атырау қаласына кіре берістерде барлығы 4 бекет салынатын болады, олар Астрахан, Орал, Құлсары және Индер жақтарынан кіретін жолдарда болмақ. Бұл полицейлерге қандай да бір штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде мейлінше жедел әрекет етуге, сондай-ақ қалаға кіретін және шығатын барлық автокөліктер туралы деректерді білуге мүмкіндік береді», - деді Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінде.

Әдетте, қылмыстардың негізгі бөлігі көбіне демалыс күндері Атырауға жеңіл табыс табуға басқа облыстардан келетін «гастролерлермен» жасалады. Сондай-ақ автомобиль ағынын мүлтіксіз бақылау үшін балық аулау маусымы кезінде бекеттердің рөлі ерекше маңызды, бұл браконерлікпен күреске айтарлықтай үлес қосады.

Бекеттер барлық автокөліктерді есепке алуды автоматты режімде жүргізетін деректер базасы бар бейнекамералармен жабдықталатын болады.

Атырау облысы құрылыс басқармасының  ақпараты бойынша, ғимараттар құрылысын ағымдағы жылғы қыркүйекте аяқтау жоспарлануда. Жаңа  бекеттер Атырау-Орал,  Атырау-Индер,  Атырау-Ақтау және Котяевка-Рубеж автожолдарында орнатылатын болады.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін 2016 жылы өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Индер ауданына жұмыс сапары кезінде қаладан шығатын жерлерде  полиция бекеттерінің құрылысын салу тұжырымдамасын әзірлеуге тапсырма берген болатын. Облыс әкімі мұндай шараның көлік ағынын бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретінін, жүргізушілерді тәртіпке салатынын және жол қозғалысының қауіпсіздігіне қолайлы әсерін тигізетінін баса айтты. 

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар