+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Атырауда 4 мыңнан астам жаяу жүргінші жазаланды

2021 жылғы 29 шілде 00:20
Бөлісіңіз:
Атырауда 4 мыңнан астам жаяу жүргінші жазаланды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жолдың белгіленбеген тұсынан өткен 4 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерінің 90 пайызы вакцина салдырды Алматыда полиция көлігіне «Сергек» камерасы орнатылды «Сары» аймақтағы Атырау облысында карантин қашан жеңілдемек

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласында жыл басынан бері жаяу жүргіншілерге арналған өткелін көре тұра одан тыс жерден өткен 4000-ға жуық адам анықталған.

«Жолда жүру ережесін бұзған жаяу жүргіншілерге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 615-бабымен (Жаяу жүргіншілерге арналған өткелін көре тұра тыс жерден өткені үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 834 теңге айыппұл

салынды. Ал жаяу жүргіншілерге жол бермеген 731 көлік жүргізушінің әрқайсысы аталған кодекстің 600-бабымен (Жаяу жургіншілерге арналған өткелінен жаяу жүргіншілерге жол

бермеу) 29 170 теңге көлемінде айыппұл төледі. Жыл басынан бері жол бойында жаяу жүргіншінің салдарынан 33 жол-көлік оқиғасы болды. 3 адам қаза тауып, 30 адам әр түрлі дене жарақатын алды», -дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Оның мәліметінше, 10 адам жолды жаяу жүргіншілерге​ арналмаған жерден өткен кезде жарақта алған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда автобус қаққан жаяу жүргінші көз жұмғандығын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT