Атырауда 4 мыңға жуық бала коронавирусқа шалдыққан

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда былтырдан бері 4 мыңға жуық бала коронавирусқа шалдыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Айсұлу Досқалиеваның мәліметінше, бұл – былтырғы 28 наурыз бен биылғы 17 тамызға дейінгі аралықта тіркелген дерек.

«Облыста 14 жасқа дейінгі балалар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 3839 жағдайы, жасөспірімдер арасында 1242 жағдайы тіркеліп отыр. Қазір қауіпті вирустың таралуына байланысты ең жоғары көрсеткіш Атырау қаласы мен Жылыой ауданында, сондай-ақ, Теңіз кен орнында байқалды. Өткен аптамен салыстырғанда облыста коронавирусқа шалдығу көрсеткіші 1,1 есеге артты» -дейді Айсұлу Досқалиева.

Еске сала кетелік, бұған дейін Теңіз кен орнында коронавирус жұқтырғандар саны күрт артқанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар