Атырауда 4 күнде 616 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда полиция қызметкерлері 4 күнде 616 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көлігіне ксенон, лед шамын таққан 57 жүргізуші, қауіпсіздік белдігін тақпаған – 47, көлік жүргізу құқығынан айырылған күйінде рульге отырған – 4, айыппұлын төлемеген – 15, мас күйінде көлік жүргізген 11 жүргізуші жауапкершілікке тартылған.

«Мәселен, «Меrsedes-Benz 320» автокөлігін басқарған 27 жастағы жүргізушінің көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықюұзушылық туралы Кодексінің 612-бабының 3-бөлімімен (жүргізуші құқығынан айырылған күйінде көлік басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 145 850 тенге көлемінде айыппұл салынды. Ал, «Toyota Land Cruiser» автокөлігін тексеру кезінде 44 жастағы жүргізушісінің алкогольдік ішімдік ішкені белгілі болды. Сот шешімімен мас жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 785-бабына сәйкес, иелері айыппұлын төлемеген 15 автокөлік арнаулы тұраққа қойылған. Оның ішінде Ресей Федерациясында тіркелген 13, Армения Республикасынан әкелінген 2 автокөлік бар. Мәселен, «Kiа Optima» автокөлігі жүргізушісінің 830 мың теңгені құрайтын 53 айыппұлы бары анықталған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 16 жасар бозбала гөмірі жасырылған көлікті жүргізгенін хабарлап едік.



Соңғы жаңалықтар