Атырауда 4 көпқабатты тұрғын үй жөнделеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласындағы көп қабатты 4 тұрғын үйді жөндеуге бюджеттен 200 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Атырау облыстық энергетика және тұрғын-үй комммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бауыржан Тұхфатов мәлім етті.

«Бұл үйлер жергілікті бюджет есебінен бөлінген қайтарымды қаражатқа жөнделеді. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 200 млн теңге бөлінді. Жақында Атырау қаласының Вокзал маңы 3А мөлтек ауданындағы №25А үй, Авангард-2 мөлтек ауданындағы №16 үй, СМП-163 мөлтек ауданында №3 үй, №5 үйдің жөндеу жұмыстары басталғалы отыр», - деді Бауыржан Тұхфатов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, жалпы құны 927,4 млн теңге көпқабатты 19 тұрғын үйдің жобалық сметалық құжаты әзірленген.


Соңғы жаңалықтар