+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Атырауда 4 көлік соқтығысып, 1 адам ауруханаға түсті

2020 жылғы 8 тамыз 21:55
Бөлісіңіз:
Атырауда 4 көлік соқтығысып, 1 адам ауруханаға түсті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда 4 көлік соқтығысып, 1 адам аурухана төсегіне таңылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Өзбекстанда жол-көлік апатынан 4 адам қаза тапты Павлодар облысында көлік қаққан зейнеткер оқиға орнында жантәсілім етті Флорида жағалауында батып бара жатқан кемеден 24 адам құтқарылды

Жол-көлік оқиғасы кеше, 7 тамызда сағат 19:00 шамасында Атырау қаласындағы Алмагүл ықшамауданында болған. «Kia Rio» көлігінің жүргізушісі жолда жүру ережесін сақтамай, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрса да тоқтамаған. Сөйтіп, әуелі «Nyundai Elantra» көлігіне соқтығысқан. Бұдан соң «Skoda Octavia» мен «Volkswagen Touareg» көліктерімен түйіскен.

Оқиға салдарынан жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі аурухананың жансақтау бөліміне түсті. Ал, тағы 2 адам №7 емхана дәрігерлерінің медициналық тексеруінен соң үйіне жіберілген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жол апатынан бір адам мерт болып, екеуі ауруханаға түскен еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT