Атырауда 39 жастағы ер адам үшінші қабаттан секірмек болған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 39 жастағы ер адам үшінші қабаттан секірмек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 102 операторына 16 ақпанда сағат 15:17 шамасында ер адамның құрылыс нысанының 3-ші қабатынан айқайлап тұрғаны туралы хабар түскен.

«Мақат ауданының 39 жастағы тұрғыны Атырау қаласындағы «Алмагүл» шағын ауданында салынып жатқан құрылыс нысанының 3-ші қабатына шығып кеткен. Ол наркологиялық сараптамадан өткізілді. Нәтижесінде оның спирттік ішімдік ішпегені белгілі болды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 434-бабымен (Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) әкімшілік хаттама толтырылды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданатын болады.

Соңғы жаңалықтар