Атырауда 373 әйел жаңа кәсіпті үйренуге өтініш білдірді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 24 әйел оқуды аяқтап, сертификаттарын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың бастамасымен құрылған «Isker Ana» әлеуметтік-білім беру жобасы қысқа мерзім ішінде көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар, сондай-ақ, аз қамтылған отбасындағы әйелдер арасында белсенді сұранысқа ие болды. Жобаның басталған сәтінен бастап 373 әйел қатысуға өтінім берді, қазіргі таңда олардың 100-і сегіз бағыт бойынша оқып жатыр, 24-і оқуын аяқтап, сертификат алды.

«Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов әйелдерге арнайы курсты аяқтағаны туралы сертификат табыстады. Наурыздың басынан бері әйелдер «Маникюр» және «Визажист» бағыттары бойынша оқуын аяқтап, жақын арада алынған мамандықтары бойынша жұмысқа кіріседі», - деді Азаматтық орталықтың директоры Әйгерім Досқалиева.

«Isker Ana» жобасы 12 бағыт бойынша оқытудады. Сондай-ақ, курс барысында топтық психологиялық тренингтер өткізіледі, қатысушылар әлеуметтік желілерде жұмыс істеу, мақсатты жарнама орнату, онлайн-сауданы жүргізу машықтарын игереді, сондай-ақ бизнесті жүргізу негіздерін үйренетін болады.
null

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев оқытуда жақсы нәтижеге жеткен әйелдерге көмек көрсетілетінін айтты.

«Біз қысқа мерзімді курсты бітірушілердің бизнес жобаларын қарастырамыз және мүмкіндігінше бизнесті дамыту үшін қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға көмектесеміз - тігін немесе тоқыма машинасын, массаж үстелін, пеш және тағы басқаларын әперуге көмек береміз», - деді аймақ басшысы.

«Isker Ana» қоғамдық-білім беру жобасына қатысу үшін Махамбет көшесі, 88 мекенжайында орналасқан Азаматтық орталыққа немесе 87786639263 телефонына хабарласу керек.

null

Соңғы жаңалықтар