+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Атырауда 36 жастағы әйел трамадол дәрісінің 60 данасын заңсыз сатқан

2021 жылғы 14 мамыр 04:00
Бөлісіңіз:
Атырауда 36 жастағы әйел трамадол дәрісінің 60 данасын заңсыз сатқан

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 36 жастағы әйел трамадол дәрісінің 60 данасын заңсыз сатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да тұрғын мас күйінде «полицей көлігін» ұрлап кеткен Алматыда тұрғындарды жүк контейнерлерін сатамын деп алдап келген алаяқ қолға түсті Алматыда жоқ пәтерлерді «жалға берумен» айналысқан екі алаяқ әйел ұсталды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 12 мамырда 36 жастағы әйелдің 60 дана трамадол, 19 дана трапикамед дәрі-дәрмектерін заңсыз сатып жүргенін анықтаған.

«Қазір аталған әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 426-бабымен «Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық айналысы саласының қағидаларын бұзу» дерегімен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне шешім қабылдау үшін іс-құжаттар жолданды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда есірткіні насихаттайтын бірнеше сайтты жарнамалаған әйел ұсталған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT