+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Атырауда 34 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр

2021 жылғы 15 қыркүйек 02:13
Бөлісіңіз:
Атырауда 34 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 34 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда булану алаңында күкіртсутегі нормадан асып кетті Атырауда деструктивті діни ағымның 44 өкіліне 1,9 млн теңге айыппұл салынды Атырауда көпбалалы ана алтыншы перзентін модульдік ауруханада босанды

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 қыркүйекте сағат 12:30 шамасында Атырау қаласының тұрғыны Елдар Ақылбеков үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

«Төтенше жағдайлар департаментіне 11 қыркүйекте жоғалып кеткен 34 жастағы ер адамның анасынан іздестіру жұмыстарын жүргізу туралы арыз түсті. Оның ұлы Елдар Ақылбековтің Атырау қаласының қай жерінен жоғалғаны белгісіз. Жоғалған азамат үйінен шыққан кезде үстінде уақ тор көзді жейде, күрең қызыл джинсы, аяғында қоңыр түсті кроссовкасы болған» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Іздестіру жұмыстарына департаменттің кинологиялық, өзге қызметкерлері мен техникалары жұмылдырылған. Сондай-ақ, волонтерлік ұйымдар тартылған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда бір аптаға 9 жасөспірім жоғалып кеткенін хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT