Атырауда 34 нысан Ashyq жобасынан екі аптаға шеттетілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 34 кәсіпкерлік нысаны Ashyq жобасынан екі аптаға шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атамекен» ҰКП өңірлік филиалының директоры Абдолла Идресовтің айтуынша, «Аshyq» бағдарламасына кәсіпкерлерді тіркеу 26 сәуірде басталған.

Содан бері арнайы QR-кодты алуға 660 өтінім түскен. Оның ішінде 620 нысан QR-код алған.

«QR-кодты алғандар арасында Атырау қаласынан 427, Жылыой ауданынан 65, Индерден – 39, Құрманғазыдан – 23, Исатайдан – 18, Мақат, Махамбет және Қызылқоға аудандарының әрқайсысында 16 нысан бар. Ал, 453 нысан тесттік режимнен өтті» -дейді Абдолла Идресов.

Оның айтуынша, нысандардың «Ashyq» жобасынан екі аптаға шеттетілуіне 3 және одан да көп күн ішінде келушілердің тіркелмеуі себеп болған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда бірнеше нысанның жұмысы тоқтайтынын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар