Атырауда 33 мемқызметші меритократия қағидатымен жоғарылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 33 мемлекеттік қызметші меритократия қағидатымен жоғарылаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Фарида Ахметованың айтуынша, былтыр жергілікті атқарушы органдарда ішкі конкурс арқылы 9 мемлекеттік қызметшінің лауазымы өскен. Ал биыл 33 мемлекеттік қызметші меритократия қағидатымен жоғарылаған. Мемлекеттік органдардың меритократия қағидаларын сақтауға қатысты түсіндіру-профилактикалық жұмыс, сондай-ақ оның орындалуына тұрақты мониторинг жүргізілген.

«Мемлекеттік қызметтегі меритократия – уақыт талабы. Бұл қағида мемлекеттік органдарға қабылданудың алғы шарты есебінде қаралады. Мемлекеттік қызметке лайықты кадрларды іріктеуге мүмкіндік береді. Меритократия принциптерін нығайту сыбайлас жемқорлықты тамырымен жоюға, мемлекеттік қызметке тек сауатты, білікті кадрлардың орналасуына ықпал етеді»,- дейді әдеп жөніндегі уәкіл Фарида Ахметова.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда мемлекеттік қызметшілер аллеясы ашылғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар