Атырауда 3000 отбасы 30 млн теңгенің дәрі-дәрмегін тегін алады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында 3000 отбасы 30 млн теңгенің дәрі-дәрмегін тегін алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тапсырмасымен әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға 30 млн теңгенің дәрі-дәрмегі тегін үлестірілгелі отыр.

«Біздің мақсатымыз – ең алдымен ауырып қалған әлеуметтік әлжауаз топқа жататын жандарды дәрі-дәрмекпен шұғыл қамтамасыз ету. Өңірлік «Біз біргеміз» қорымен бірлесіп 30 млн теңгеге жуық қаражатқа ең қажетті препараттар алынып, арнайы пакетке салынып дайындалды. Дәрі-дәрмек бірінші топтағы мүгедек жандар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды асыраушы ата-аналарға тегін үлестіріледі. Мұқтаж адамдардың тізімі толық жасақталды. Мұндай қолдау алдағы уақытта да жалғасын табады»,- деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Ертең, 19 шілдеде волонтерлер ішіне 30 түрлі дәрі-дәрмектер салынған арнайы пакеттерді Атырау қаласы мен жеті ауданның 3000 отбасына жеткізіп береді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауға дәрі-дәрмектің ірі партиясы тиелген жүк көлігі келген еді.



Соңғы жаңалықтар