Атырауда 30 жұмысшы ауыр жарақат алып, 4-еуі қайтыс болған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 30 жұмысшы ауыр жарақат алып, 4-еуі қайтыс болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы Игілік Әубәкіровтің мәліметіне сүйенсек, өндірісте жұмысшылардың жарақаты алуы азаймай отыр.

«Өңірде жыл басынан бері 28 жазатайым оқиға тіркелді. Соның кесірінен 30 жұмысшы ауыр дене жарақатын алды. Ал, 4 адам қайтыс болды» -дейді Игілік Әубәкіров.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жыл басынан бері 364 млн теңге жалақы қарызы өндірілгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар