Атырауда 3 жігіт жанармай бекетінде тұрған көлікті айдап әкеткен

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда үш жігіт жанармай бекетінде тұрған көлікті айдап әкеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше, 21 қарашада болған.

«Атырау қаласындағы Құрманғазы көшесінде орналасқан жанармай бекетінде тұрған «ВАЗ-21015» автокөлігі ұрланған. Бұл туралы полицияға 21 қараша күні сағат 8:00 шамасында 1978 жылғы азаматтан хабар түсті. Осыған орай жедел әрекет еткен бейнебақылау инспекторы «Сергек» камераларының көмегімен ұрланған көліктің жүру бағыты мен тұрған жерін анықтады. «Батыс-32» экипажы 1990, 1992 және 1992 жылы туған күдікті үш жігітті ұстап, Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізді» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


Қазір ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда түнімен көше кезген 23 жасөспірім анықталғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар