Атырауда 3 миллион шоқыр шабағы суға жіберілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 3 миллион шоқыр шабағы өсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шоқыр шабақтары көктемде табиғи ортада ауланған және зауытта қыстаған балықтардың уылдырықтардан өсірілді. Уылдырықтардан дернәсілдер жарып шыққаннан кейін, тоғанға орналастырылды. Олар онда жетілді. Шабақтар 3-тен 7 грамға дейін салмақ қосты. Олар Жайық өзеніне жіберіліп, кейін Каспий теңізіне барады. Біздің кәсіпорында өсірілген 3 миллион 227 мың шабақ суға жіберілді», - деп хабарлады Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының директоры Гильман Сарсемалиев.

Биыл өңірдегі екі зауытта барлығы 6 миллион бекіре шабағы өсіріледі. 

Соңғы жаңалықтар