Атырауда 3 қыз мінген катамаран Жайық өзенінің ортасында тұрып қалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Жайық өзенінің ортасында тоқтап қалған катамараннан 3 қыз құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, 23 маусымда Жайық өзенінің ортасында катамаран тоқтап қалған.

«Кешкі сағат 23:00-де 2005 және 2006 жылы туған 3 жасөспірім қыз жағажайдан жалға алған катамаранмен Жайық өзеніне серуендемек болған. Алайда, катамараннан ақау шығып, «Атырау» шипажайының тұсында Жайықтың ортасына ығып кеткен. Осыған байланысты дабылмен оқиға орнына жеткен жедел құтқару жасағының қызметкерлері жүзу көлігімен катамаранды жағажайға сүйреп жеткізді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Ал, құтқарылған 3 жасөспірім қыз ювеналды полиция қызметкерлеріне тапсырылған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда суға батып бара жатқан екі жасөспірім қыз құтқарылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар