Атырауда 3 айда есірткімен байланысты 36 құқық бұзушылық анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда полицейлер жыл басынан бері есірткімен байланысты 36 құқықбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың айтуынша, басты назар нашақорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге, есірткілердің келу арналарын жойып, есірткі құралдарын сату мен тасымалдауды анықтауға бағытталып отыр.

«Биылғы 3 айда есірткімен байланысты 36 құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде есірткі заттарын сатудың – 17 дерегі, аса ірі көлемде есірткі затын сақтаудың – 2, есірткіні жарнамалаудың 3 дерегі бар» - дейді Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық жігіт 60 доза есірткіні қаланың үш бөлігіне жасырып қойғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар