USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Атырауда 29 жастағы жігіт әлеуметтік желі арқылы қару сатпақ болған

2021 жылғы 27 сәуір 09:08
Бөлісіңіз:
Атырауда 29 жастағы жігіт әлеуметтік желі арқылы қару сатпақ болған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 29 жастағы жігіт әлеуметтік желі арқылы қару сатпақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімшілік полиция бөлімі азаматтық қызметтік қару айналымын бақылау тобының қызметкерлері белгісіз адамдың «ВКонтакте» әлеуметтік желісіне «ИЖ-79» маркалы, 7х62 мм калибрлі газ тапаншасын сату туралы хабарландыру орналастырғанын анықтаған.
«Жарнаманы тексеру кезінде газ тапаншасын сатуға қойған 29 жастағы тұрғын анықталды. Аталған азамат тіркелмеген қаруды 2018 жылы Ресейден сатып алғанын айтып, әлеуметтік желіге сатуға шығарғандығын мойындаған.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданып, қару тәркіленді», - деп хабарлады Департаменттің баспасөз қызметінен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT