+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Атырауда 27 жүргізушіден 2 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді

2021 жылғы 27 наурыз 19:57
Бөлісіңіз:
Атырауда 27 жүргізушіден 2 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 27 жүргізушіден 2 млн 186 мың теңгеден астам айыппұл өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Талғардағы балабақшада қайтыс болған баланың өлімі жайлы қосымша деректер пайда болды Түркістанда полицейлер 5-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды Түркістан облысында 4 адам ысты газға уланып, мерт болды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жүргізушілер осы кезге дейін айыппұл төлеуден жалтарып жүрген.

«Атырауда айыппұлдарды өндіруді жандандыру, өз еркімен төлеуден жалтарушы азаматтарға қатысты пәрменді шараларды ұйымдастыру мақсатында өткен «Борышкер-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы аяқталды. Іс-шара кезінде айыппұл төлеуден жалтарып жүрген 27 жүргізуші анықталды. Олардың автокөліктері айып тұрағына қойылып, аталған жүргізушілерден 2 млн 186 663 теңгені құрайтын айыппұл өндірілді.​ Мәселен, 14 наурызда сағат 15:30 шамасында армениялық «Hyundai Sonata» автокөлігі тоқтатылды. Тексеріс кезінде аталған автокөлік жүргізушісінің 145 850 теңгені құрайтын 10 айыппұлы төленбегені анықталды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Айып тұрағына қойылған 27 автокөліктің бе с еуі Армения Республикасынан әкелінген. Ал, 22 көлік Ресей Федерациясында тіркелген.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 2 млн теңге айыппұл төленбеген көлікпен жүрген шетелдік қолға түскенін хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT