Атырауда 260 орындық жатақхананың құрылысы аяқталуға жақын

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлы «Білім-Инновация» лицейі студенттеріне арналған жатақхана құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі таңда 260 орындық жаңа жатақхананың құрылысы 90% аяқталған. Оны пайдалануға беру қазан айына жоспарланған. Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлы салынып жатқан құрылыс нысанында болып, жұмыс барысымен танысты.

«Сіздің оқу ордаңыз бұрыннан танымал. Сапалы білімнің арқасында лицей оқушылары республикалық және халықаралық маңызы бар олимпиадаларда жүлделі орындарды иеленіп жүр. Сіздің түлектеріңіз еліміздің және әлемнің жетекші университеттеріне оқуға түсуде. Бүгінде түлектер бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасты, оларды ірі компаниялар жұмысқа қабылдауға дайын. Сондықтан талабы зор шәкірттер үшін барлық жағдай жасалуы керек», - деді Әлимұхаммед Құттұмұратұлы интернат басшылығына.

«Білім-Инновация» лицейінің директоры Исмаил Елманның айтуынша, бүгінде мұнда 263 оқушы білім алып жүр.

«Бұрынғы жатақхана тек 130 орынға есептелген еді. Салынып жатқан жаңа нысан лицей оқушыларына арналған жатақхана жетіспеушілігі мәселесін шешеді деп ойлаймын», - деп атап өтті «Білім-Инновация» лицей директоры.




Соңғы жаңалықтар