+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Атырауда 25 жастағы жігіт суға кетті

2020 жылғы 12 шілде 17:49
Бөлісіңіз:
Атырауда 25 жастағы жігіт суға кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Жайық өзенінің арнайы жабдықталмаған жерінде шомылған 25 жастағы жігіт суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада 25 жастағы жігіт Сырдарияға батып кетті Жамбыл облысында жыл басынан бері 10 адам суға кеткен Ақтөбеде 17 жастағы бозбала суға батып кетті

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 11 шілдеде кешкі сағат 21:00-дер шамасында болған.

«Дәл осы сағатта департаменттің диспетчерлік пультіне Атырау қаласына таяу орналасқан Талғайран ауылы тұсында 25 жастағы жігіттің суға кеткені туралы хабар түсті. Ол арнайы жабдықталмаған жерде суға шомылып, Жайық өзеніне батып кеткен. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел құтқару жасағының 3 қызметкері іздестіруді бастады. Іздестіру жұмысына 1 жүзу құралы тартылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар 1995 жылғы жас жігіттің денесін 20 минутта тауып, судан шығарған.

Департамент мамандары су айдындарының арнайы жабдықталмаған жерінде шомылу қауіпті екенін ескертіп отыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында көлге түскен 51 жастағы азамат суға кеткен еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT