Атырауда 25 екі қабатты үй жарықсыз қалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 25 көпқабатты үй электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін кешкісін Орман шаруашылығы шағын ауданында қуаты 400 кВт болатын трансформатор күйіп кетті. Қалалық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Шакір Кейкиннің айтуынша, 25 екіқабатты тұрғын үйге қызмет етіп келген транформатор күйіп кетті. Тұрғындар Пәтер иелері кооперативін құрып, «Атырау жарық» АҚ-мен келісімшартқа отырудан бас тартты. Ал ол өз кезегінде осы трансформатордың қызметіне жауап беруі қажет болатын. Осы кезде «Атырау жарық» АҚ-ның өкілдері күйіп кеткен транформатордың орнына жаңасын қойып жатыр»,-деді Шәкір Кейкин.

Соңғы жаңалықтар