Атырауда 242 адам жеке клиниканы алаяқтығы үшін айыптап отыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудағы «EcoClinic» емханасының басшысы қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қала тұрғындарынан келіп түскен көптеген арыз-шағымнан кейін облыстық полиция департаменті «EcoClinic» ЖШС басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғады. Олар косметологиялық қызмет көрсету кезінде алаяқтық жасады деген күдікке ілініп отыр. Қазіргі таңда 242 жәбірленуші арызданған. 2019 жылдың 5 сәуірінде облыс прокуратурасы ҚР ҚК 190-бабы, 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеуді бастады. 5 қыркүйекте облыс прокурорының бұйрығымен 1993 жылы туған күдікті уақытша тергеу абақтысына қамалды», - деп мәлім етті Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Қанат Қабдолов.

Таяу арада күдікті сот алдында жауап береді.




Соңғы жаңалықтар