+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Атырауда 24 жастағы бойжеткен психотропты дәрілерді заңсыз сатқан

2021 жылғы 14 қыркүйек 04:00
Бөлісіңіз:
Атырауда 24 жастағы бойжеткен психотропты дәрілерді заңсыз сатқан

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 24 жастағы бойжеткен психотропты дәрілерді заңсыз сатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде көлігіне есірткі тығып, саудалаған 38 жастағы ер адам ұсталды Каспий жағалауында 10 күн жанған қамыс өрті сөндірілді Атырауда көлік терезесін сындырып 2 млн теңге ұрлағандар ұсталды

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың айтуынша, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 11 қыркүйекте психотропты дәріні заңсыз сатқан бойжеткенді ұстаған.

«Атырау қаласындағы Азаттық даңғылында 1997 жылы туған бойжеткеннің 50 дана трамадол және трапикамед дәрі-дәрмегін заңсыз сатып жүргені анықталды. Аталған азаматшаға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық айналысы саласының қағидаларын бұзу) хаттама Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өңірлік шешім қабылдау үшін жолданды» -дейді Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда психотропты дәрілік зат сатқан шетелдік әйел ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT