Атырауда 23 жаңа автобус аялдамасы орнатылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жыл соңына дейін 23 жаңа автобус аялдамасы орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаевтың айтуынша, ең алдымен аялдамалар кеңейтілген және қайта қалпына келтірілген Баймұханов, Тайманов, Владимирский көшелерінің бойына орнатылады.

«Аялдамалар Беларусь елінде жасалған. Оны орнатумен «Атырауинжқұрылыс» ЖШС айналысады. Олардың арасында ірі аялдама кешендері, сондай-ақ шағын павильондар бар. Жеті аялдамада қала тұрғындарына дүкендер қызмет көрсетеді», - деді Нұрлан Таубаев.

Баймұханов көшесіне 4 бес метрлік және 4 он метрлік аялдама, Владимирский көшесіне 6 бес метрлік және 2 он метрлік аялдама, Тайманов көшесіне 6  бес метрлік, 1 он метрлік аялдама орнатылады.

«Жаңа аялдамалар облыс орталығының ажарын аша түсері сөзсіз. 7 он метрлік аялдама павильондарында дүкендер бар. Жобалар Атырау әкімдігі мен «Қала ортасы» жаңа бағдарламасы аясында іске асырылуда. Бағдарлама түрлі бағыттарды қамтиды», - деп мәлім «Атырауинжқұрылыс» ЖШС баспасөз қызметіндегілер. 

Автор: А. Соколов

 

Соңғы жаңалықтар