Атырауда 227 шетелдік жауапқа тартылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 27 шетелдік азамат жауапқа тартылды.

Атыраулық полицейлер жыл басталғалы бұл бағытта 350 заңбұзушылықты анықтап, арзан жұмыс күшіне қызыққан жұмыс берушілерді де жауапқа шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңбек етуге рұқсат қағазы жеке азаматтардың шағын құрылыстары үшін ғана берілгеніне қарамастан ҚР аумағында заңды белшеден басқан 56 Өзбекстан азаматы қаладағы серіктестіктердің бірі тұрғызып жатқан алып ғимаратты салуға жұмысқа тұрған. Жедел шара кезінде анықталған бұл құқықбұзушылық үшін көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері аталған тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабы, 5 бөлімі бойынша хаттама толтырып, әкімшілік істер процесуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолдады. Шетелдік азаматтарды заңсыз еңбекке тартқаны үшін ЖШС басшылығы да жазадан жалтармайды, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 519 бабына сәйкес хаттама толтырылады»,- деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің өкілдері.

Айта кетелік, жедел шара кезінде ел аумағында шетелдіктердің келу, болу тәртібі ережелерін бұзу бойынша 243 факті анықталып, 227 шетелдік азамат жауапқа тартылды. Оның ішінде заңсыз жұмыс жасағаны үшін 140 тұлғаға хаттама толтырылса, шетелдік еңбек күшін заңсыз пайдалағаны үшін ҚР ӘҚБтК-тің 518, 519 баптарына сәйкес 16 Қазақстан азаматы жауапқа тартылды.

Соңғы жаңалықтар