Атырауда 224 жасанды тыныс алу аппараты мен 977 оттегі концентраторы бар

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында 224 жасанды тыныс алу аппараты мен 977 оттегі концентраторы бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, медициналық көмекке жүгінгендерге 7 995 дәрігер қызмет көрсетеді. Оның ішінде 7 091 медицина қызметкері мемлекеттік емдеу ұйымдарында жұмыс істейді.

«Атырау облысындағы медициналық мекемелерде 7 995 медицина қызметкері еңбек етеді. Олардың арасында жекеменшік клиникалардың 904 медицина қызметкері бар. Бұдан бөлек, облыстың медициналық ұйымдары халыққа көмек көрсету үшін 224 жасанды тыныс алу, 27 рентген, 10 компьютерлік томография аппаратымен қамтылды. Сондай-ақ, өңірде 977 оттегі концентраторы мен 1000 пульсокисметрмен қамтамасыз етілді», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Асхан Байдуәлиев.

Оның айтуынша, Атырау облысында 400 орындық 2 модульдік аурухананың құрылысы жүруде. Атырау қаласындағы 200 орынға арналған модульдік аурухананы пайдалануға беру қазан айына, ал Құлсары қаласындағы 200 орындық осындай аурухана қараша айына жоспарланып отыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында коронавирус жұқтырған 10 адам анықталған еді.


Соңғы жаңалықтар