Атырауда 20 автокөлік айып тұрағына қойылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда «Борышкер» жедел іс-шарасы кезінде қарызын төлемей жүрген жүргізушілерден 6 млн теңге өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері 8 маусымнан бері сот орындаушылармен бірге «Борышкер» жедел іс-шарасын өткізіп жатыр.

«Іс-шара кезінде полицейлер Жедел басқару орталығының бақылау камералары арқылы

борышын өтемей жүрген жүргізушілерді анықтады. Полицейлер планшеттің көмегімен

500-ден астам жүргізушіге әкімшілік айыппұлдарын өтеу туралы әкімшілік соттың

қаулысын тапсырды. Борышы бар жүргізушілерден 6 млн теңгеге жуық айыппұл

өндіріліп, 20 автокөлік айып тұрағына қойылды», - деп хабарлады облыстық полиция

департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері планшеттің көмегімен алимент төлемегендерді

анықтап, көлік құралын басқарушылардың сақтандыру полисін тексеру мүмкіндігіне ие

болған.

Еске сала кетелік, Атырауда Армениядан әкелінген 160-тан астам көлік

тіркелген еді.


Соңғы жаңалықтар