+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Атырауда 2 жүргізуші BMW көліктерімен жарысып, жол ережесін бұзған

2020 жылғы 11 мамыр 06:32
Бөлісіңіз:
Атырауда 2 жүргізуші BMW көліктерімен жарысып, жол ережесін бұзған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда 2 жүргізуші BMW көлігімен жарысып, жол ережесін бұзған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық өндірістің әрбір үшінші автомобилі экспортқа бағдарланады – Бейбіт Атамқұлов СҚО-да ер адам «КамАЗ»-ды мас күйде басқарған Ішегі қата күліп отырған: Павлодарда автобус жүргізушісі есірткі қабылдап алған

Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тараған. Осыған орай полиция қызметкерлері BMW көліктерімен жол ережесін бұзған жүргізушілерді анықтады.

«Полиция қызметкерлері 8 мамырда сағат 11:30 шамасында Атырау қаласының Сатыбалдиев көшесі бойында жол ережесін бұзған 1988 және 1996 жылғы жүргізушілерді анықтады. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 595-бабының 1-бөлігімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) және 599-бабының 1-бөлігімен (Бағдаршамның тиым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тиым салатын қимылына қарамай өту), сондай-ақ 630-бабының 1-бөлігімен (Жол құрылыстарын бүлдіру) хаттамалар толтырылды»6 -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал, 1996 жылғы жүргізушіге бұдан басқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 476-бабының 1-бөлігімен де әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT