Атырауда 2 жасар бала коронавирустан жазылып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 2 жасар бала корорнавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Емдеуші дәрігер Назерке Төлетаеваның айтуынша, бала бұған дейін сал ауруы (ДЦП), жүйке жүйесінің атрофиясы, микроцефалия диагнозымен есепте тұрған.

«Науқас 26 тамызда дене қызуының көтерілуіне байланысты облыстық балалар ауруханасына түсті. Компьютерлік томографияның нәтижесімен баланың өкпесінің 12 пайызы зақымдалғаны анықталды. Сол себептен, ол №2 облыстық ауруханаға жатқызылды» -дейді Назерке Төлетаева.

Науқас балада құрысудың айқын белгілері болған. Ол 31 тамыздан 3 қыркүйекке дейін жансақтау бөлімінде емделген. Қазір 2 жасар бала тиісті ем-шаралардан кейін коронавирус инфекциясынан толық жазылып шыққан.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда коронавирус жұқтырған 2 жасар бала жансақтау бөлімінде жатқанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар