Атырауда 2 адамнан бекіре балығы тәркіленді

None
None
  АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда бекіре балығын тасымалдаған 2 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маусым айында облыстық ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қызыл кітапқа енгізілген бекіре балығына қатысты екі оқиғаны анықтады. Бірінші факті Балауса мөлтек ауданында тіркелді. Дәмхана жанындаңы жеңіл көліктен 35 келі бекіре тұқымдас балық табылып, тәркіленген. Балықтың заңсыз саудаламақ болған екінші адам Химпоселок мөлтекауданында ұсталды. «Nissan Primera» автокөлігінің жүк салғышынан салмағы 85 келі балықтар анықталды», деп хабарлады облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, екі фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша жүргізілуде. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының  қызметкерлері жыл басынан бері осыған ұқсас 5 фактіні анықтап, 300 келіден аса бекіре тұқымдас балық пен 10 келіге жуық қара уылдырық тәркіледі.

Соңғы жаңалықтар