Атырауда 191 түлекке «Алтын белгі» табысталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда облыстық IV "Жас түлек-2019" форумы өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық академиялық драма театрында үздік түлектерге «Алтын белгі» табысталды.

Өзінің құттықтау сөзінде Серік Шапкенов түлектер өз жетістіктері үшін аға тәлімгерлеріне қарыздар екендігін еске салды.

"Сіздер бүгін ең үздіксіздер, көпке үлгісіздер. Бұл үшін сіздер тек ұстаздарыңызға ғана емес, ата-аналарыңызға да қарыздарсыздар. Патриоттық міндеттерді орындаудың үлгісі болатындарыңызға, өз жолдарыңызды таңдап, өңірлік экономиканың дамуына үлес қосатындарыңызға сенімдімін. Сіздерге зор денсаулық, байлық, ұлы елдің дамуы үшін игілікті істер тілеймін", - деді Серік Шапкенов.
null

Марапаттау рәсімі концертке ұласты.

Айта кетейік, биыл аймақта барлығы 5222 түлек мектеп бітірген. 191 түлек «Алтын белгіге» ие болса, 168-і үздік аттестат алды.

null

Соңғы жаңалықтар