Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 374.20 EUR 420.34
RUB 5.52 CNY 53.78
Jańalyqtar

Атырауда 19 көпбалалы ана алтын және күміс алқамен марапатталды

2018 жылғы 12 қыркүйек 20:05 825
Бөлісіңіз:
Атырауда 19 көпбалалы ана алтын және күміс алқамен марапатталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 19 көпбалалы ана алтын және күміс алқамен марапатталды. Салтанатты шара отбасы күніне орай өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атыраулық депутат оқушыларға коворкинг орталығын ашып берді Атырау қаласының әкімі коммуналдық қызмет жұмысын сынға алды

Қалалық әкімдікте қала әкімінің орынбасары Полымбет Хасановтың қатысуымен 19 көпбалалы ананы күміс және алтын алқамен марапаттау салтанаты өтті. Шара Қазақстанда 9 қыркүйек күні атап өтілген отбасы күніне орай ұйымдастырылды.

Полымбет Хасановтың айтуынша, бүгінде Атырау қаласында 5 мың көпбалалы ана бар, олардың 2940-ы 6 және одан да көп сәби сүйген батыр аналар. Қала әкімі атынан алтын алқамен 4 көпбалалы ана және күміс алқамен облыс орталығының 15 тұрғыны марапатталды.


Атырауда 19 көпбалалы ана алтын және күміс алқамен марапатталды  «Мен сияқты көпбалалы ана үшін бұл марапатқа ие болу үлкен мәртебе, мемлекетіміз батыр аналарға ерекше көңіл бөлгеніне қуаныштымын. Жұбайым екеуміз 1 жас пен 18 жас аралығындағы 7 баланы тәрбиелеп отырмыз, отбасымыз өте жақсы, керемет балаларымыз бар», - дейді алтын алқа иегері Мейрамгүл Жұбайғазиева.


Атырауда 19 көпбалалы ана алтын және күміс алқамен марапатталдыСондай-ақ, шара соңында қала әкімінің орынбасары Полымбет Хасанов көпбалалы аналарды өткен отбасы күнімен құттықтап, зор денсаулық пен жанұя бақытын тіледі.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Атырау облысы, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT